Осы Жария оферта шарты (бұдан әрі — «Шарт») мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен колледждер базасында «SIC» ЖИ-Новаторлар Клубтарын құру бойынша халықаралық бағдарламаның операторы ретінде әрекет ететін Swiss Innovators Club коммерциялық емес білім беру қауымдастығының (Швейцария), Swiss American Education Group (Қазақстан Республикасы), FEYDEY K-12 School халықаралық мектебімен (California, USA), Verbanet Technology LLC (БАӘ) және Қазақстан Республикасындағы әрі қарай «Орындаушы» деп аталатын Серіктес мектептіңбірлескен ресми ұсынысы болып табылады. Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын тарап, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын шектелмеген тұлғалар шеңберіне, осы Шартта көрсетілген ұсыныстарда 5-11 сынып білім алушыларының «SIC» ЖИ-Новаторлар Клубына мүшелігін қамтамасыз ету және «AI Smart Box NODO» жиынтығы негізіндегі білім беру-зертханалық бағдарламасына қолжетімділік ұсыну бойынша қызмет көрсету шартын жасасуды ұсынады.
Осы Шарт «Орындаушы» мен «Тапсырыс беруші» арасындағы, «Орындаушының»Бағдарлама серіктестерімен бірлесіп әзірлеген әдістемелік-зертханалық нұсқаулығын пайдалана отырып, «AI Smart Box NODO» (Швейцария) зертханалық-зерттеу жиынтығы негізінде іске асырылатын «AI Lab NODO» білім беру-зертханалық бағдарламасы шеңберінде ұсынатын «SIC» халықаралық ЖИ-Новаторлар Клубына жылдық мүшелікті сатып алу және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
«Тапсырыс берушінің» «Орындаушыға» 195 (жүз тоқсан бес) Евро мөлшеріндегі жылдық мүшелік жарнаны толық көлемде төлеу бойынша әрекеттерді жасауы осы жария офертаның акцепті болып танылады, бұл «Тапсырыс берушінің» осы Шарттың барлық шарттарын толық және сөзсіз қабылдағанын растайды.
Акцепт жасалған сәттен бастап осы Шарт жасалған деп есептеледі және Тараптардың орындауы үшін міндетті болады.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Шарт жария оферта болып табылады. Жария оферта «Орындаушының» «SIC» ЖИ-Новаторлар Клубына мүшелікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ Тараптардың өзара құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін реттейді.
1.2. Төлемді жасамас бұрын «Тапсырыс беруші» осы Шарттың шарттарымен, мүшелік жарнаның құнымен, білім беру-зертханалық бағдарламаның мазмұнымен, Клубқа қатысу ережелерімен және «Орындаушы»ның ресми сайттарында орналастырылған өзге де ақпаратпен мұқият танысуға міндетті.
1.3. «Тапсырыс беруші» осы Шарттың қандай да бір ережесімен келіспеген жағдайда, оферта акцептінен және Білім алушының Клубқа кіруінен бас тартуға міндетті.
1.4. Осы Шарттың акцептін жасай отырып, «Тапсырыс беруші» төмендегілерді растайды:
· осы Шарттың шарттарымен толық көлемде танысқанын;
· сатып алынатын Қызметтердің мазмұны мен форматын түсінетінін;
· мүшелік жарнаны төлеу шарттарын және Бағдарламаға қатысу тәртібін қабылдайтынын;
· Шарт жасасу үшін қажетті құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігіне ие екендігін;
· кәмелетке толмаған Білім алушының заңды өкілі болып табылатынын немесе заңды өкілінің келісімімен әрекет ететінін.
1.5. «Орындаушы» Қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық, техникалық, процедуралық, ақпараттық және өзге де шарттары бөлігінде осы Шартқа біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Шарттың жаңа редакциясы «Орындаушының» ресми сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
1.6. «Орындаушы» енгізген өзгерістер жаңа редакция жарияланған күннен кейін акцепт жасаған «Тапсырыс берушілерге» қолданылады.
1.7. Балалары Клубқа қабылданып қойған және оның әрекеттегі мүшелері болып табылатын «Тапсырыс берушілерге» қатысты өзгерістер, мұндай өзгерістер Тараптармен қосымша тікелей келісілген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген мүшелік кезеңі үшін белгіленген мүшелік жарнаның мөлшеріне қолданылмайды.
1.8. Қызмет көрсету шарттарының елеулі өзгерістері туралы «Орындаушы» қолданыстағы «Тапсырыс берушілерге» тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта немесе өзге де электрондық байланыс құралдары арқылы хабарлайды.
1.9. Осы Шарт қағаз нысанында қол қоюды талап етпейді және «Тапсырыс беруші» оны акцептеген сәттен бастап толық заңдық күшіне ие болады.
2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2.1. Оферта — «Орындаушы» желіде жариялаған және шектелмеген тұлғалар шеңберіне бағытталған осы Жария оферта шарты.
2.2. Акцепт — «Тапсырыс берушінің» «Орындаушыға» жылдық мүшелік жарнаны толық немесе ішінара төлеу арқылы осы Шарттың шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы.
2.3. «Тапсырыс беруші» — Білім алушының мүддесі үшін осы Офертаның акцептін жүзеге асырған кәмелетке толмаған Білім алушының ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі.
2.4. Білім алушы — заңды өкілінің осы Шартты акцептеуі негізінде «SIC» ЖИ-Новаторлар Клубының мүшесі болған, мемлекеттік немесе жекеменшік білім беру мекемесінің 5–11(12) сынып Білім алушысы.
2.5. Клуб — мектеп Білім алушылары мен IT/КТ педагогтарының жасанды интеллект саласындағы жобалар үстінде бірлесіп жұмыс істеуі үшін Серіктес мектеп базасында құрылатын «SIC» Халықаралық ЖИ-Новаторлар Клубы (Swiss Innovators Club).
2.6. Қызметтер — Клубқа мүшелік шеңберінде «Орындаушы» көрсететін білім беру, консультациялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қызметтер кешені, соның ішінде «AI Smart Box NODO» жиынтығы негізіндегі оқу-зерттеу бағдарламасына қолжетімділік, жобалық жұмыстарға қатысу, халықаралық сарапшылармен апталық және айлық вебинарлар, ЖИ-технологиялары бойынша конкурстарға, стартаптарға және олимпиадаларға қатысу, сондай-ақ Бағдарламада көзделген өзге де ілеспе сервистер.
2.7. «AI Smart Box NODO» жиынтығы — жасанды интеллект базасында әзірленген және камераны, микрофонды, динамикті, штрих-кодтар мен NFC/RFID-белгілерді оқу құрылғыларын, датчиктер порттарын және сенсорлар жиынтығын (А, В, С және кейінгілер) қамтитын, Серіктес мектеп Клуб шеңберінде Білім алушылардың практикалық сабақтарын өткізу үшін пайдаланатын зертханалық-зерттеу жабдығы (Швейцария).
2.8. Серіктес мектеп — базасында Клуб құрылатын және сабақтар өткізу үшін ұйымдастырушылық-техникалық шарттарды (компьютер сыныбы, педагогикалық кадрлар) қамтамасыз ететін мемлекеттік немесе жекеменшік білім беру мекемесі, ол осы Шарттың тарапы болып табылмайды және «Тапсырыс берушінің» алдында қаржылық жауапкершілік көтермейді.
2.9. «Орындаушының» сайты — «Орындаушының» ресми интернет-ресурстары, келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: https://swissinnovatorsclub.com , https://swissinnovatorsclub.ch.
2.10. Бағдарлама — 5–11(12) сынып Білім алушыларына арналған, «AI Smart Box NODO» жиынтығы негізінде жасанды интеллект саласындағы жобалық жұмыстардың академиялық жылға есептелген оқу-зерттеу бағдарламасы, оның мазмұны, көлемі мен құны «Орындаушының»Сайтында орналастырылған.
2.11. Қызмет көрсетудің нақты басталуы — мүшелік жарна төлемінің расталған күні.
3. ШАРТТЫҢ ПӘНІ
3.1. «Орындаушы» Білім алушының «SIC» ЖИ-Новаторлар Клубына мүшелігін қамтамасыз ету және ілеспе Қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді өзіне алады, ал «Тапсырыс беруші» осы Шартта көзделген шарттарда және тәртіппен жылдық мүшелік жарнаны қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
3.2. Қызметтер «Тапсырыс беруші» тіркелу кезінде көрсеткен Білім алушыға қатысты көрсетіледі және «AI Smart Box NODO» жиынтығы базасындағы оқу-зерттеу бағдарламасына қолжетімділікті, жобалық жұмыстарға, вебинарларға, конкурстар мен олимпиадаларға қатысуды, сондай-ақ Бағдарлама шарттарына сәйкес өзге де білім беру сервистерін қамтиды.
3.3. Қызметтердің практикалық бөлігі Серіктес мектеп базасында іске асырылады, ол дербес және «Орындаушымен» бірлесіп Білім алушыға Python бағдарламалау тілі бойынша аптасына бір академиялық сағат теориялық сабақ және практикалық ЖИ-жобалар мен зерттеу қызметі үшін компьютер сыныбында (әр Білім алушыға жеке компьютермен) аптасына бір академиялық сағат сабақты қамтамасыз етеді.
3.4. Бағдарлама Білім алушы оқитын елдің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ешбір курсын алмастырмайды және ауыстырмайды, қосымша білім берудің дербес зертханалық-білім беру бағдарламасы болып табылады және Білім алушыға тек оның заңды өкілінің жеке шешімі бойынша ұсынылады.
3.5. «Орындаушының» Сайтында орналастырылған ақпараттық материалдар танысу сипатына ие. Көрсетілетін Қызметтердің қорытынды көлемі таңдалған Бағдарламамен, Білім алушының жасымен және «Орындаушының» ішкі ұйымдастырушылық талаптарымен анықталады.
3.6. Төлем жасалған сәтке дейін «Тапсырыс берушіге» Бағдарламаның мазмұнымен, мүшелік шарттарымен, мүшелік жарнаның құнымен және осы Шарттың шарттарымен танысу, сондай-ақ «Орындаушы» мен Серіктес мектеп өкілдерінен қажетті түсіндірмелер алу ұсынылады.
4. ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ БАСТАЛУЫ
4.1. Қызметтерді алу үшін «Тапсырыс беруші» «Орындаушының» Сайтында Білім алушыны тіркеу процедурасынан өтеді, қажетті сауалнамалық және байланыс мәліметтерін ұсынады, сондай-ақ осы Шарттың шарттарына сәйкес жылдық мүшелік жарнаны төлейді.
4.2. Білім алушы тіркеу процедурасынан өткеннен, қажетті мәліметтерді ұсынғаннан, мүшелік жарнаны төлегеннен және «Орындаушы» тарапынан қабылданғаны расталғаннан кейін Клуб мүшеліге қабылданды деп есептеледі.
4.3. Қабылдау расталғаннан кейін «Орындаушы» Серіктес мектеппен бірлесіп Білім алушыны Клубтың жұмыс істеп тұрған тобының құрамына қосуды ұйымдастырады, Бағдарламаның оқу-жобалық материалдарына қолжетімділік береді және «Тапсырыс берушіге» вебинарлар мен жобалық сабақтардың кестесі туралы хабарлайды.
4.4. Төлемнің расталған күні Қызмет көрсетудің нақты басталуы деп есептеледі.
5. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
5.1. Бір Білім алушының Клубқа жылдық мүшелік құны 195 (жүз тоқсан бес) еуроны құрайды және «Тапсырыс беруші» тарапынан тікелей «Орындаушыға» (Swiss Innovators Club, Швейцария) «Орындаушының» ресми Сайты арқылы төленеді.
5.2. Білім алушының Клубқа мүшелігі туралы шешім «Тапсырыс берушінің» жеке шешімі болып табылады, дербес және ерікті түрде қабылданады және Серіктес мектепке жүктелуі мүмкін емес.
5.3. Мүшелік жарнаны төлеуді «Тапсырыс беруші» келесі жолдармен жүзеге асыра алады:
· «Орындаушының» Сайтындағы электрондық төлем жүйесі арқылы банк картасымен онлайн-төлем жасау арқылы;
· ұсынылған шот негізінде ақшалай қаражатты «Орындаушының» есеп айырысу шотына аудару арқылы;
· «Орындаушы» ресми түрде ұсынған өзге де тәсілдермен.
5.4. Банктік комиссиялар, төлем жүйелерінің комиссиялары және ақшалай қаражатты аударуға байланысты өзге де шығыстарды «Тапсырыс беруші» дербес төлейді.
5.5. «Тапсырыс берушінің» мүшелік жарнаны төлеген күні осы Шарттың акцептелген күні деп есептеледі. Төлем түскеннен кейін, 48 сағат ішінде «Тапсырыс берушіге» электрондық пошта немесе өзге де электрондық байланыс құралдары арқылы төлемнің қабылданғаны туралы растау жіберіледі.
5.6. Мүшелік жарна жылдық негізде төленеді. Келесі академиялық жылда Білім алушының Клубқа қатысуын жалғастыру және бастапқы жылдық жарнаның мөлшерін сақтап қалу үшін, «Тапсырыс беруші» «Орындаушы» «Тапсырыс берушінің» назарына жеткізетін тәртіппен және мерзімде, алдыңғы мерзім аяқталудан 30 күн бұрын мүшелік жарнаны қайта төлеуі қажет.
5.7. Бастапқы төлем кезінде қолданыста болған мүшелік жарнаның құны «Орындаушы» тарапынан кейінгі академиялық кезеңдерге өзгертілуі мүмкін. Құнның өзгергені туралы «Орындаушы» «Тапсырыс берушіге» ресми Сайт немесе электрондық пошта арқылы алдын ала хабарлайды. Келесі жыл үшін төлемді белгіленген мерзімде, алдыңғы мерзім аяқталудан 30 күн бұрын жасаған «Тапсырыс беруші» үшін мүшелік құны өзгермейді.
5.8. Мүшелік тоқтатылған, қатысуда ұзақ үзіліс болған немесе кейінгі кезең үшін төлем уақытылы жасалмаған жағдайда, «Орындаушы» Білім алушының Клубқа қатысуы қайта басталған күнге қолданыстағы мүшелік құнын қолдануға құқылы.
5.9. Мемлекеттік және жекеменшік Серіктес мектептер осы Шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша «Тапсырыс берушінің» алдында қаржылық жауапкершілік көтермейді. «Тапсырыс берушінің» алдындағы барлық қаржылық міндеттемелерді «Орындаушы» — Swiss Innovators Club көтереді.
6. СЕРІКТЕС МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН «AI SMART BOX NODO» ЖАБДЫҒЫ
6.1. Бір Серіктес мектептің 250 (екі жүз елу) — 350 (үш жүз елу) Білім алушысы тіркелген және мүшелік жарналарын толық төлеген жағдайда, «Орындаушы» аталған Серіктес мектепке тіркелген және мүшелігін толық төлеген әрбір 250–350 Білім алушыға бір жиынтық есебінен бір «AI Smart Box NODO» зертханалық-зерттеу жиынтығын өтеусіз береді.
6.2. Бір «AI Smart Box NODO» жиынтығының референстік құны 25 000 (жиырма бес мың) еуроны (ҚҚС есепке алмағанда) құрайды және «Тапсырыс беруші»ден ешқандай түрде өндіріп алуға жатпайды — жабдық осы Шарттың 6.1-тармағының шарттары сақталған жағдайда «Орындаушы» тарапынан Серіктес мектепке өтеусіз негізде беріледі.
6.3. Референстік құны 10 500 (он мың бес жүз) еуроны (ҚҚС есепке алмағанда) құрайтын 10 (он) сенсордан тұратын қосымша жиынтық екінші оқу жылының жобалық жұмыстарында қолданылады және Серіктес мектепке сенсорларды қолдануды талап етпейтін бағдарламалар бойынша сабақтар басталғаннан кейін 6 (алты) айдан соң жеткізіледі.
6.4. Осы Шарт «Тапсырыс беруші»ге «AI Smart Box NODO» жабдығын сатып алуға, қызмет көрсетуге немесе сақтандыруға байланысты қандай да бір қаржылық міндеттемелер жүктемейді — бұл міндеттемелер «Орындаушы» мен Серіктес мектеп арасындағы «AI Smart Box NODO» зертханалық-зерттеу жиынтығын сақтау және қолдану ережелері туралы жеке келісіммен реттеледі.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
7.1. «Орындаушы» міндеттенеді:7.1.1. Білім алушыға таңдалған Бағдарлама шарттарында «SIC» ЖИ-Новаторлар Клубына мүшелікті қамтамасыз етуге.
7.1.2. Бүкіл академиялық жылға 5–11(12) сынып Білім алушыларына арналған жасанды интеллект саласындағы 150-ден астам (жүз елу) жобалық жұмыстардан тұратын оқу-зерттеу кітапханасына қолжетімділік ұсынуға.
7.1.3. Ағылшын тілінде ЖИ-индустриясының мамандарымен апталық білім беру вебинарларын және стартап-жобаларды дайындау бойынша айлық вебинарларды ұйымдастыруға.
7.1.4. Клуб мүшелері арасында ЖИ-технологиялары бойынша жылдық конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастыруға.
7.1.5. Клубтың үздік жобалық тобының Astana Hub алаңында немесе соған ұқсас халықаралық іс-шарада жобаны таныстыруға қатысуын қамтамасыз етуге.
7.1.6. Серіктес мектептің IT/КТ педагогтарының біліктілігін арттыруды және сертификаттауды, соның ішінде жобалар мен стартаптар бойынша халықаралық ЖИ-нұсқаушысы біліктілігін бере отырып, үш апталық тренингті (аптасына 1,5 сағаттан екі сабақ) ұйымдастыруға.
7.1.7. Серіктес мектепке әдістемелік-зертханалық нұсқаулықты және жобалық жұмыстардың практикалық кодтарын ұсынуға, сондай-ақ жабдықты қолдану бойынша консультациялық қолдау көрсетуге.
7.1.8. «Тапсырыс берушіні» Білім алушының Клубқа қатысуына қатысты елеулі ұйымдастырушылық өзгерістер туралы хабардар етуге.
7.2. «Орындаушы» құқылы:7.2.1. Оқыту әдістемесін, жобалық жұмыстардың тізбесін, шақырылатын сарапшылар құрамын, вебинарлар форматын, конкурстарды және Бағдарламаның өзге де ұйымдастырушылық параметрлерін дербес анықтауға.
7.2.2. Мүшелікте көзделген Қызметтердің жалпы көлемін төмендетпей, оқу-жобалық материалдардың мазмұнына, вебинарлар кестесіне және Бағдарламаның өзге де элементтеріне өзгерістер енгізуге.
7.2.3. «Тапсырыс беруші» мүшелік жарнаны төлеу мерзімдерін бұзған, бұрыс мәліметтер ұсынған немесе осы Шарттың өзге де шарттарын бұзған жағдайда Қызмет көрсетуді тоқтата тұруға.
7.2.4. Білім алушы Бағдарламаға қатысу ережелерін жүйелі түрде бұзған немесе сабақтарда немесе вебинарларда тәртіпті өрескел бұзған жағдайларда оны Клубтан шығаруға.
7.3. «Тапсырыс беруші» міндеттенеді:7.3.1. «Орындаушыға» жылдық мүшелік жарнаны уақытылы және толық көлемде төлеуге.
7.3.2. Білім алушыны Клубқа тіркеу үшін қажетті шынайы сауалнамалық, байланыс және өзге де мәліметтерді ұсынуға.
7.3.3. Білім алушының Серіктес мектеп базасында ұйымдастырылатын сабақтарға қатысуын қамтамасыз етуге және Білім алушының Бағдарламаның жобалық жұмыстарын орындауына ықпал етуге.
7.3.4. Сабақтардың, вебинарлардың және жобалық қызметтің кестесіне қатысты «Орындаушы» мен Серіктес мектептің ұсынымдарын сақтауға.
7.3.5. Байланыс мәліметтері өзгергені немесе Білім алушының Клубқа қатысуына әсер ететін өзге де мән-жайлар туралы «Орындаушыны» дереу хабардар етуге.
7.3.6. Клубтың оқу материалдарына қолжетімділік беретін мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеуге және «Орындаушының» жазбаша келісімінсіз оқу-жобалық материалдарды, әдістемелік нұсқаулықтарды және «Орындаушының» өзге де ресурстарын коммерциялық мақсатта пайдаланбауға.
7.4. «Тапсырыс беруші» төмендегілерді растайды және келіседі:7.4.1. Білім алушының Клубқа қатысуы білім берудің қосымша (вариативтік) компоненті болып табылатынын және Серіктес мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының міндетті пәндерін алмастырмайтынын және ауыстырмайтынын.
7.4.2. Білім алушының Бағдарламаға қатысу нәтижелері, орындалған жобалық жұмыстардың сапасы және республикалық немесе халықаралық стартап-жобаларға қатысуға шақыру алу мүмкіндігі Білім алушының қатысу жүйелілігі, жеке белсенділігіне және сабақ кестесін сақтауына тікелей байланысты екенін.
7.4.3. «Орындаушы» сабақтар мен вебинарларға жүйесіз қатысудан, жобалық тапсырмаларды орындамаудан немесе Серіктес мектеп тарапынан қажетті техникалық қамтамасыз етудің болмауынан туындаған Білім алушының академиялық нәтижелері үшін жауапкершілік көтермейтінін.
8. ШАРТТЫ БҰЗУ ЖӘНЕ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІ
8.1. Осы Шарт Тараптардың келісімі бойынша, «Тапсырыс берушінің» бастамасы бойынша немесе осы Шартта көзделген жағдайларда «Орындаушының» бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
8.2. «Тапсырыс беруші» осы Шарттың 12-бөлімінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша «Орындаушыны» жазбаша түрде хабардар ете отырып, Білім алушының Клубқа бұдан әрі қатысуынан бас тартуға құқылы.
8.3. Қызмет көрсету нақты басталғаннан кейін (осы Шарттың 2.11-тармағы) «Тапсырыс беруші» мүшеліктен бас тартқан жағдайда, төленген мүшелік жарна қайтарылуға жатпайды.
8.4. «Тапсырыс беруші» осы Шарттың шарттарын бұзуы салдарынан Шарт «Орындаушының»бастамасымен бұзылған жағдайда, төленген мүшелік жарна қайтарылуға жатпайды.
9. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
9.1. Осы Шарттың акцептін жүзеге асыра отырып, «Тапсырыс беруші» «Орындаушыға»«Тапсырыс берушінің» және/немесе Білім алушының дербес деректерін құпиялылық пен деректерді қорғаудың қолданыстағы халықаралық талаптарына сәйкес жинауға, сақтауға, өңдеуге және пайдалануға келісімін береді.
9.2. Дербес деректерге мыналар жатады (бірақ олармен шектелмейді): Білім алушының және заңды өкілдің тегі мен аты; Білім алушының туған күні; Серіктес мектептің сыныбы мен атауы; байланыс телефоны; электрондық пошта мекенжайы; төлем деректері; Қызмет көрсету үшін қажетті өзге де мәліметтер.
9.3. Дербес деректерді өңдеуді «Орындаушы» келесі мақсаттарда жүзеге асырады: Білім алушыны Клубқа тіркеу; жобалық сабақтар мен вебинарларды ұйымдастыру; академиялық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу; кері байланысты жүзеге асыру; қаржылық есеп айырысулар; мүшелік шарттарының өзгергені туралы хабардар ету; «Орындаушы» мен оның серіктестерінің жаңа бағдарламалары мен сервистері туралы ақпарат ұсыну.
9.4. «Орындаушы» дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге және оларды тек осы Шартты орындау мақсатында ғана пайдалануға міндеттенеді.
9.5. «Тапсырыс беруші» «Орындаушыдан» Клуб пен Бағдарламаның қызметіне байланысты ақпараттық, ұйымдастырушылық және жарнамалық хабарламаларды алуға келісімін білдіреді.
9.6. «Тапсырыс беруші», егер «Тапсырыс беруші» мұндай пайдалануға жазбаша түрде қарсылық білдірмесе, «Орындаушының» Білім алушының жобалық жұмыстарға қатысу нәтижелерін (жобалардың сипаттамалары, презентациялардың фото- және бейнематериалдары) «Орындаушының» ақпараттық және жарнамалық материалдарында пайдалануына келісімін білдіреді.
10. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
10.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Шарттың шарттарына және халықаралық жеке құқықтың қолданыстағы нормаларына сәйкес жауапкершілік көтереді.
10.2. Барлық туындаған талап-тілектерді «Тапсырыс беруші» «Орындаушыға» жазбаша нысанда ресми электрондық мекенжайға жібереді: contact@swissinnovatorsclub.ch.
10.3. «Орындаушы» «Тапсырыс берушінің» жазбаша талап-тілегін алған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарастырады және жазбаша жауап жібереді.
10.4. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу және міндетті талап-тілек қою тәртібін сақтау арқылы реттелуге жатады. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау «Орындаушының» тіркелген жері (Швейцария) бойынша қаралуға жатады.
10.5. «Орындаушы» жауапты емес, бірақ мониторинг жүргізеді:
· Серіктес мектеп ұсынатын академиялық және техникалық шарттарға (компьютер сыныбы, Интернет желісіне қолжетімділік, штаттық педагогтың біліктілігі);
· Интернет желісінің немесе «AI Smart Box NODO» жабдығының жұмысындағы уақытша техникалық іркілістерге;
· Білім алушының Бағдарламаға қатысу нәтижелеріне, олар оның жеке белсенділігі мен сабақтарға қатысу жүйелілігіне тікелей байланысты;
· үшінші тұлғалардың (республикалық, өңірлік немесе халықаралық конкурстардың, олимпиадалардың және стартап-іс-шаралардың ұйымдастырушыларының) Клуб мүшелері болып табылатын Білім алушыларды шақыруға, іріктеуге немесе олардың еңбегіне ақы төлеуге қатысты шешімдеріне.
10.6. «Орындаушы» өзінің ақылға қонымды бақылауынан тыс мән-жайлардан (техникалық іркілістер, үшінші тұлғалардың әрекеттері, форс-мажорлық мән-жайлар) туындаған Қызмет көрсетудің уақытша мүмкін еместігі үшін жауапты емес, бірақ туындаған қиындықты дереу шешу үшін барлық күш-жігерін салады.
11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
11.1. Осы Шарт «Тапсырыс беруші» оны акцептеген сәттен бастап күшіне енеді, ол мүшелік жарнаны төлеу болып табылады, және мүшеліктің төленген кезеңі аяқталғанға дейін немесе осы Шартта көзделген тәртіппен оның қолданылуы тоқтатылған сәтке дейін қолданылады.
11.2. «Орындаушының» ресми Сайтында орналастырылған барлық қосымшалар, Бағдарламаның сипаттамалары және Клубқа қатысу ережелері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
11.3. Осы Шарттың жекелеген ережесінің жарамсыздығы оның қалған ережелерінің жарамсыздығына әкеп соқпайды.
11.4. Осы Шартпен реттелмеген қалған барлық мәселелерде Тараптар «Орындаушының» ішкі ережелерін және халықаралық шарттық құқықтың жалпы қабылданған нормаларын басшылыққа алады.
11.5. Тараптар «Тапсырыс беруші» тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта, мессенджерлер және өзге де электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген хабарламалардың заңдық күшін таниды.
12. ОРЫНДАУШЫНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРІ
Swiss Innovators Club коммерциялық емес білім беру қауымдастығы
Route de la Cretasse 1, office 5, 1854 Leysin, Switzerland
Тел.: +41 79 133 6000 / +41 24 477 6000
E-mail: info@swissinnovatorsclub.ch
Сайт: https://swissinnovatorsclub.com
Банктік реквизиттер: [«Орындаушының» ресми Сайтында көрсетіледі / сұраныс бойынша ұсынылады]
Бағдарлама серіктестері:
– Swiss American Education Group (Astana Hub резиденті) – Қазақстан Республикасы
– Қазақстандағы серіктес мектеп — Қазақстан Республикасы
– FEYDEY K-12 School — California, USA
– Verbanet Technology LLC — БАӘ
№1 ҚОСЫМША
«AI Lab NODO» білім беру-зертханалық бағдарламасының сипаттамасы
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ АТАУЫ: «AI Smart Box NODO» білім беру-зертханалық кешені базасындағы «SIC» (Swiss Innovators Club) Халықаралық ЖИ-Новаторлар Клубы.
2. БІЛІМ БЕРУ ОПЕРАТОРЫ: Swiss Innovators Club коммерциялық емес білім беру қауымдастығы (Швейцария) — Клуб мүшелерін тіркеу және өзара есеп айырысулар.
3. БАҒДАРЛАМАНЫ ӘЗІРЛЕУШІЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕРІ:– Swiss American Education Group (Қазақстан Республикасы)
– Swiss Innovators Club (коммерциялық емес қауымдастық, Швейцария)
– FEYDEY K-12 School (АҚШ)
– Verbanet Technology LLC (БАӘ)
4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР: Бағдарлама Білім алушы оқитын елдің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес іске асырылады және IB (Швейцария), GCSE/A-Level (Ұлыбритания), K-12/AP (АҚШ) халықаралық стандарттарына бағытталған.
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: «NODO» білім беру бағдарламасы мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 5–11(12) сынып Білім алушыларына арналған, «AI Smart Box NODO» зертханалық-зерттеу жиынтығы мен ілеспе жабдықтар мектеп Білім алушыларын жасанды интеллект негізіндегі жобаларды әзірлеуге тартатын және ақпараттық ойлауды, шығармашылық қабілеттерді және қазіргі заманғы жасанды интеллект технологияларын қолданбалы түсінуді дамытуға ықпал ететін «AI Lab NODO» тұжырымдамалық ЖИ-зертханасының әдістемелік нұсқаулығы болып табылады.
6. КЛУБ МҮШЕСІ КІМ БОЛА АЛАДЫ: Мектептің IT/КТ педагогтарының жетекшілігімен оқитын мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен колледждердің 5–11(12) сынып Білім алушылары.
7. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОҚУ СЫНЫПТАРЫ БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫМЫ:– 5–7 сыныптар - NODO-1: жасанды интеллект негіздері, автоматтандырумен базалық танысу.
– 8–10 сыныптар - NODO-2: қолданбалы ЖИ мен интернет-технологияларды интеграциялау, деректермен жұмыс.
– 11–12 сыныптар - NODO-3: ЖИ-дің озық технологиялары, бағдарламалау, этика және шешімдерді енгізу.
8. БАҒДАРЛАМАНЫҢ СЕГІЗ ТАҚЫРЫПТЫҚ САЛАСЫ:· Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта — Тұрақты даму, экологиялық мониторинг және агротехнологиялар үшін ЖИ.
· Денсаулық сақтау және әл-ауқат — Денсаулықты бақылау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ЖИ.
· Білім беру және шығармашылық — Оқыту, кәсіби тренингтер, тілдік және мәдени даму үшін ЖИ.
· Ақылды өмір және қалалар — Қалалық және облыстық инновацияларды басқару және IT шешімдері үшін ЖИ.
· Робототехника және автоматтандыру — Қозғалыс, датчиктер және интеллектуалды машиналар үшін ЖИ.
· Бөлшек сауда және коммерция — Мерчандайзинг, талдау, қаржылық оңтайландыру және аудит үшін ЖИ.
· Қаржы және бизнес-аналитика — Стратегиялық жоспарлау және бизнес-аналитика үшін ЖИ.
· Қауіпсіздік, қорғаныс және ғарыш — Ұшқышсыз ұшу аппараттарында және ғарыштық шешімдерде азаматтық/қорғаныстық мақсатта пайдалану үшін ЖИ.
9. «AI SMART BOX NODO» ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:– «AI Smart Box NODO» зертханалық-зерттеу жиынтығы (камера, микрофон, динамик, штрих-кодтар мен NFC/RFID-белгілерді оқу құрылғылары, датчиктер порттары);
– екінші оқу жылының жобалық жұмыстарына арналған А, В, С (және кейінгілер) сенсорлар жиынтығы;
– 5–11(12) сыныптарға арналған әдістемелік-зертханалық нұсқаулық және 150-ден астам жобалық жұмыстар кітапханасы.
10. САБАҚТАРДЫҢ ФОРМАТЫ:– аптасына 1 сағат — Python бағдарламалау тілі бойынша теориялық сабақтар (мектеп бағдарламасы шеңберінде);
– аптасына 1 сағат — компьютер сыныбында «AI Smart Box NODO» жиынтығын пайдалана отырып, практикалық ЖИ-жобалар және зерттеу қызметі (вариативтік сағаттар / қосымша білім беру шеңберінде);
– Бір Білім алушы бір академиялық жыл ішінде 20 (жиырма) жобалық жұмысты іске асырады.
11. МҮШЕЛІК ЖАРНАҒА НЕ КІРЕДІ:– 150-ден астам ЖИ-зерттеу жобаларының кітапханасына қолжетімділік;
– ағылшын тілінде ЖИ-индустриясының халықаралық сарапшыларымен апталық вебинарлар;
– стартап-жобаларды дайындау бойынша айлық вебинарлар;
– ЖИ-технологиялары бойынша жылдық конкурстар мен олимпиадалар;
– үздік жобалық топтың Astana Hub алаңындағы таныстырылымға қатысуы;
– Серіктес мектептің IT/КТ педагогтарының біліктілігін арттыру және сертификаттау.
12. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНУ: Жоғары сынып Білім алушылары — тиісті жобалар шеңберінде олардың еңбегіне ақы төлене отырып, республикалық және халықаралық стартап-жобаларға қатысуға шақырылуы немесе ұсынылуы мүмкін.
13. СЕРІКТЕС МЕКТЕПКЕ ЖАБДЫҚТЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ: Бір мектептің мүшелігін толық төлеген 250–350 Білім алушысы тіркелген кезде «Орындаушы» Серіктес мектепке бір «AISmart Box NODO» жиынтығын өтеусіз береді; 10 сенсордан тұратын қосымша жиынтық екінші оқу жылының жобалық жұмыстары үшін сабақ басталғаннан кейін 6 айдан соң жеткізіледі.
14. СЕРІКТЕС МЕКТЕПТІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ: Серіктес мектеп «Орындаушы»мен бірлесіп келесілерді қамтамасыз ету бойынша академиялық (қаржылық емес) міндеттемелерді көтереді:
– аптасына бір сағат Python бағдарламалау тілі бойынша теориялық сабақтар;
– аптасына бір сағат компьютер сыныбында әр Білім алушыға жеке компьютермен сабақ өткізу;
– сабақтарды үйлестіру және сүйемелдеу үшін Python бағдарламалау тілін меңгерген білікті информатика/КТ педагогының болуы.
15. МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА: «AI Smart Box NODO» зертханалық-зерттеу кешенінің оқу бағдарламасы Білім алушы оқитын елдің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ешбір курсын алмастырмайды және ауыстырмайды, қосымша білім берудің тәуелсіз зертханалық-білім беру бағдарламасы болып табылады және Білім алушыға оның заңды өкілінің жеке шешімі бойынша ұсынылады. «Орындаушының» Сайтында төлем жасай отырып, «Тапсырыс беруші» осы жария офертаның шарттарымен танысқанын және оларды толық көлемде қабылдағанын растайды).